Пандемия кезінде журналистер өз міндеттерін ойдағыдай атқарды - Балаева

eamedia.org eamedia.org
Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың 60 пайызға жуығы вакцинацияланған. Оның айтуынша, бұл - тек мемлекеттік аппараттың ғана емес, БАҚ өкілдерінің де еңбегінің нәтижесі.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева ақпараттық кеңістік пен қазақстандық журналистердің жұмысы коронавируспен күресте ең маңызды құралға айналғанын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Отандық БАҚ алдыңғы шептен орын тепті. Олар сарапшылардың айтқанын көпшілікке шұғыл жеткізіп, түрлі бейнероликтер мен арнайы бағдарламалар дайындады. Оларға карантиннің маңыздылығын түсіндіру қажет болды. Ақпараттың толықтай анық болмауы жағдайында бүкіл әлем сияқты әрекет етіп, біздің бұқаралық ақпарат құралдары да өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай атқарды деп ойлаймын, - деді Балаева XVII Еуразиялық медиа форумында.

Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың 60 пайызға жуығы вакцинацияланған. Оның айтуынша, бұл - тек мемлекеттік аппараттың ғана емес, БАҚ өкілдерінің де еңбегінің нәтижесі.

Сонымен қатар министр танымал блогерлер мен антиваксерлер тарататын фейктерге де тоқталды.

2020 жылдың шілдесінде министрлік stopfake.kz арнайы интернет-ресурсын іске қосты. Сайттағы ақпараттың көпшілігі әлеуметтік желі қолданушылары таратқан жалған ақпаратты тікелей теріске шығару болып келеді. Сайт іске қосылғаннан бері 1500-ден астам фейк тексерілді, жоба контенті әртүрлі платформаларда 15 миллионнан астам рет қаралды. Бірақ, бұл арада шындық мынада: виртуалды әлемде кликбейтті, яғни лайық көп басылуы қажет, тартымды тақырыптар әлдеқайда маңызды, өз кезегінде бұл халықтың алаңдаушылығы мен көңіл-күйінің бұзылуын арттырады. Дәл осы фактор көптеген блогердің, конспирологтың және антиваксердің танымал болуын айқындайды. Олар тереңнен ой қозғайтын, мағыналы дүниелерді қаузамайды, алайда олар дәстүрлі ақпарат құралдарымен салыстырғанда әлдеқайда үлкен аудиторияға ие, - дейді министр.

Сондықтан, министрдің айтуынша, мемлекеттің бұл бағыттағы бірінші кезектегі міндеті - қазіргі жұмыс істеп жатқан журналистерді кәсіби даярлықтан қайта өткізу, оның ішінде виртуалды психология, журналистік этика және ғылыми мәліметтер қорымен жұмыс істеу жайы кеңінен қамтылуы тиіс.

Бір сөзбен айтқанда, қазіргі журналистердің білімі заманауи және терең болуы керек. Тура осы нәрсе кәсіби журналистерді көлденең көк аттылардан ажырата алады, - дейді Аида Балаева.

Сондықтан, биыл министрлік еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен медицина, экология, дін, құқық және ІТ мәселелерін қамтитын салалық журналистерді дайындау үшін меморандумдарға қол қойды.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР АҚДМ басшысы интернет желісіндегі кибербуллинг мәселесін қозғаған.

Кәмшат Сатиева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз