Жаңалықтар тізбегі
0

"Көлсай көлдері" табиғи паркі ЮНЕСКО-ның әлемдік желісіне енгізілді

t.me/minecology, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2021 16:20 t.me/minecology
Шешім ЮНЕСКО бағдарламасының "Адам және биосфера" халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды.

ЮНЕСКО қазақстандық "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының "Адам және биосфера" халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды.

Қазақстандық "Көлсай көлдері" өтінімінің елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиологиялық шектеулер жағдайында дайындалғандығы ерекше назар аударуға тұрарлық. "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының биосфералық резерваттарының Ұлттық желісі тағы бір биосфералық резерватпен толықтырылды.

Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көлемінің осылай танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: