Жамбыл облысында оқушы қызды зорлаған қаскөй табылмай жатыр

видеодан алынды видеодан алынды
Оны іздеу жұмысы үш ай бұрын басталған екен. 35 жастағы ер азамат 12 жасар қызбен Интернет арқылы танысқаны айтылады.

Меркі ауылынды кәмелетке толмаған қызды зорлау оқиғасына қатысты кейбір мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полиция кеше бөліскен бұл жайсыз хабарға қатысты оқиға үш ай бұрын орын алғаны белгілі болды, ал кәмелетке толмаған қыздың жасы 12-де екен.

"Сұмдық оқиға маусым айында Меркі ауданында болған. Бірақ бұл дерек жайында енді ғана айтылып жатыр. 6-сынып оқушысына 35 жастағы күдікті жәбір көрсеткен. Өзі сол оқиғадан кейін қашып кетсе,12 жастағы қыз ауруханаға түсіпті. Күдікті - Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Кей мәліметтерге сүйенсек, ол жәбірленушімен интернет арқылы танысып, сеніміне кіріп, кейін жеткіншекке арам ойын жүзеге асырған. Қулығына құрық бойламаған азаматты үш айдан бері тәртіп сақшылары таба алмай жатыр" делінген КТК телеарнасы таратқан ақпаратта.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз