"Астана" клубының өкілі Әлемдік біріншілікте қола жүлде еншіледі

Капитан Тони Мартин бастаған Германия құрамасы әлем чемпионы атанды. ІІ-орынды Нидерланды спортшылары иеленсе, ІІІ-орын итальяндықтарға бұйырды. Италия құрамасының намысын Astana club велошабандозы Маттео Собреро қорғады.
Бельгияда веложарыстан әлем біріншілігі әлі өз жалғастығын табуда, деп хабарлайды zakon.kz.
22 қыркүйекте велошабандоздар Нокке-Хейст- Брюгге қалаларының арасында 44,5 шақырым қашықтықта аралас командалық эстафетада (үш еркек және үш әйел) бақ сынап, медальға өзара таласты. Капитан Тони Мартин бастаған Германия құрамасы әлем чемпионы атанды. ІІ-орынды Нидерланды спортшылары иеленсе, ІІІ-орын итальяндықтарға бұйырды.
Италия құрамасының намысын Astana club велошабандозы Маттео Собреро қорғады.
Бөлісу
0
Толық оқу