Бейнеу ауданында күндізгі ауысымдағы оқушылар онлайн оқуға көшті

24 Қыркүйек 2021, 17:29
Сурет: instagram.com / beineu_akimdigi

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында шаңды дауыл тұрып, табиғаттың мінез танытуына байланысты облыс әкімдігі өңір тұрғындары мен қонақтарына үндеу жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Lada.kz жазғандай, Бейнеу өңірінде ауа-райының күрт нашарлап, шаңды дауыл тұруына байланысты күндізгі ауысымда оқитын 8 451 оқушы үшін сабақ тоқтатылды.

Мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті. Оқушылардың үйлерінен шықпауын қадағалаңыздар. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты полиция экипаждары күшейтілген кесте бойынша жұмысқа кірісті, делінген Бейнеу ауданы әкімдігінің ресми хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?