Түркістан декларациясы түркі елдерінің бірлігін нығайтады – Нығматулин

Ж.Жұмабеков Ж.Жұмабеков
Түркістан декларациясының маңызды тармақтары Елбасының тарихи рөлін бекітуге арналды.

Түркітілдес елдердің Парламент өкілдері заманауи жаһандық сын-қатерлері аясында барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті. Бұл түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қабылданған Түркістан декларациясында көрініс тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл тарихи құжат қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп қана қоймай, болашаққа деген жоспарларды да көрсетеді.

МәжілісТөрағасы Нұрлан Нығматулин барлық қатысушыларға қасиетті қара шаңырақ, бүкіл «Түркі әлемінің рухани Астанасы» киелі Түркістан жеріне келіп, маңызды жиынға қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғысын білдірді. Сондай-ақ, ТүркПА-ның мерейтойлық шаралары бауырлас елдер арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды парламенттік деңгейде одан әрі нығайтуға арналғанын айтты.

Палата Спикерінің айтуынша, «Түркістан Декларациясы» бұл тарихи құжат бүкіл түркі елдерінің Атажұрты, рухани Астанасы киелі Түркістан жерінде қабылданғаны елдеріміз арасындағы достыққа, туыстыққа, сыйластыққа жаңа серпін береді.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, осы Түркістан Декларациясы ТүркПА-ның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңтеңдессіз жоғары рөлін бағалап, тарихи үлесін ерекше көрсетті.

- Енді мүше елдеріміздің барлық сала бойынша ынтымақтастығын нығайту, ұйымның халықаралық мәртебесін күшейту, түркі елдер бірлігін тереңдету - осының барлығы алдағы бір жылдың ішінде біздің жұмыстарымыздың ең маңызды бағыттары болады. Және мұрагерлікті сақтап, ТүркПА-ға мүше мемлекеттер аясын кеңейтуге де баса назар аударатын боламыз, - деді Палата Спикері.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин осы жиында біз алғаш рет электрондық сауда, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және энергетикалық тиімділік, кинематография мәселелері бойынша халықаралық модельдік заңдар қабылдағанын атап өтіп, осының барлығы, біздің Ассамблея жұмысына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Палата Төрағасы Әзербайжаннан, Қырғызстаннан, Түркиядан, Мажарстаннан,

Өзбекстаннан келген әріптестеріне, барша халықаралық ұйым мүшелеріне бірлескен табысты жұмыс үшін алғыс білдірді.

Іс-шара барысында Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сахиба Гафарова, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытов, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп сөз сөйледі.

Айта кету керек, Түркістан декларациясының маңызды тармақтары Елбасының тарихи рөлін бекіту, еліміздегі Президенттік саяси реформалар пакетін қолдау, қауіпсіздікті нығайту, COVID-19 пандемиясының салдарымен күреске арналды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1632823189_acf49392-afd2-4a0f-b97d-34022917a09e.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1632823182_779bd245-20bc-48a9-9d37-661d5d186bd4.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз