АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл дүниеден озды

wikipedia.org wikipedia.org
Ол 2001-2005 жылдар аралығында Джордж Уокер Буштің президент болып тұрғанда Мемлекеттік хатшы қызметін атқарды. Пауэлл АҚШ тарихында елдің сыртқы саясат министрлігінің тізгінін ұстаған алғашқы қара нәсілді болды.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл 85 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы марқұмның отбасы мүшелері саясаткердің Facebook-тегі парақшасында жазды.

COVID-19-ға шалдыққан саясаткердің дерті асқынған. Саясаткердің туыстары Пауэлл толыққанды екпе алғанын атап өтті.

Саясаткер 84 жаста еді. Ол 2001-2005 жылдар аралығында Джордж Уокер Буштің президент болып тұрғанда Мемлекеттік хатшы қызметін атқарды. Пауэлл АҚШ тарихында елдің сыртқы саясат министрлігінің тізгінін ұстаған алғашқы қара нәсілді болды.

2003 жылы Пауэлл Америка Құрама Штаттарының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жүгініп, Саддам Хусейннің жаппай қырып-жоятын қару шығарумен айналысатынын растайтын дәлелдер алғанын, Ирактың "зертханасынан" алынды деген құтыдағы бір ұнтақты көрсеткен.

Осыдан кейін президент Джордж Буш Иракта 8 жылға созылған соғысты бастауға бұйрық берді. Кейін белгілі болғандай, Пауэллге Орталық барлау қызметі жалған ақпарат берген болып шықты, құтысы да өтірік бірдеме екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз