Жаңалықтар тізбегі
0

Қарашада қатты аяз болады. Синоптиктердің биылғы қыс айларына қатысты болжамы

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 05:24 pixabay.com
Синоптиктер көктемнің алғашқы айы да суық болады деп болжап отыр.

Синоптиктер қараша айының бірінші жартысында күн жылы болғанымен, кейін ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендейтінін болжайды, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Биыл да қыстың ызғарын ертерек сезінетін сияқтымыз. Синоптиктер қараша айының бірінші жартысында күн жылы болғанымен, кейін ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендейтінін жеткізді.


ЖҰЛДЫЗ ИСАБЕКОВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК АУА РАЙЫН ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ БОЛЖАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Айдың екінші жартысында екінші он күндіктің соңына қарай ауа температурасы күрт төмендейді. Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта -17 мен -25 градус аязды құраса, күндіз -8, -13 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде қар жауса, оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады.

Қарашада қар жауса, қыстың жайы қалай болмақ? Тағы да көліктерді қардың астынан қазып алып жүрмейміз бе? "Қазгидрометтің" хабарлауынша, алдағы қыс климаттық нормаға сай болады.

ЖҰЛДЫЗ ИСАБЕКОВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК АУА РАЙЫН ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ БОЛЖАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қаңтар айында ең суық күндер болады деп болжанады. Ауа температурасы, әдеттегі нормадан 1-2 градус төмен болады деп күтілуде. Ал жауын-шашынға келетін болсақ, ең аз жауын-шашын қаңтар айында болжанады. Желтоқсан мен ақпан айларында жауын-шашын мөлшері нормаға сай көлемде түседі деп күтіледі. Ал оңтүстік, батыс өңірлерде нормадан аз болуы да ықтимал.

Синоптиктердің сөздеріне сенсек, желтоқсанда солтүстік өңірлерде қарлы боран соғуы мүмкін. Ал оңтүстік аймақта тұман түсіп, көктайғақ болады. Қаңтарда қардың жауу мөлшері азайып, аязды күндер келіп жетіп алады. Ал ақпанда қарлы боран солтүстіктегілерді әуреге салатын сыңайлы. Біздің жақта қыс ұзақ.

Синоптиктер көктемнің алғашқы айы да суық болады деп болжап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: