Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржысына перзентхана салынады

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 04:40 Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Заманауи перзентхана еуропалық үлгіде салынады.

Түркістан қаласында Әбу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхананың құрылысы басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін жаңа "Ана мен бала орталығының" іргетасына капсула салды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 04:40

Біз денсаулық сақтау саласының маңызды нысандарының бірі — Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның Түркістан тұрғындары үшін қайырымдылық көмегі болып табылатын құрылыс алаңына капсула саламыз. Жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби Даму қорының бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бастама Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы арасындағы тығыз тарихи байланыстар мен стратегиялық әріптестікті нығайтудың символы, сондай-ақ Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға және Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі болып табылады, — делінген капсуладағы жазбада.

Түркістан қаласында заманауи перзентхана құрылысы өткен жылдың желтоқсан айындағы Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның кездесуінде қол жеткізген келісім-шарттардан кейін жүзеге асып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 04:40

Абу-Дабидің мұрагер ханзадасының қолдауымен бой көтеретін жаңа перзентхананың құрылысы келер жылы аяқталады деп жоспарланған. Ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр, жер аумағы — 33 000 шаршы метр. Заманауи перзентхана еуропалық үлгіде салынады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: