Антиваксер Айна Бакееваны 10 тәулікке қамап тастады

Zakon.kz/Максим Золотухин Zakon.kz/Максим Золотухин
Жалған ақпарат таратқаны үшін.

Антиваксер Айна Бакеева дәретханада мектеп оқушысын вакциналады деп жалған ақпарат таратқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Айна Бакеева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) және 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Қаулыны орындауды сот Шымкент ПД-не жүктеді. Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Бұған дейін Қазнетте елордалық №58 мектепте балаларға жасырын түрде дәретханада екпе жасалып жатқаны туралы жалған хабарлама тараған болатын. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы бұл жалған ақпарат екенін нақтылады.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз