Қиналған Қытай Қазақстанды қысады

pixabay pixabay
Қазақстандық кәсіпкерлердің тауарлары шекара аса алмай, дағдарып тұр.

Қытай қиналып жатыр. Құрылыс компаниялары банкротқа ұшырау алдында. Электр энергиясы тапшы. Азық-түлік жетіспей жатқан өңірлер де бар, дейді желіде Асхат Асан.

Бірақ ондағы коммунистер Қазақстанға қысымын тоқтатпай отыр. Соның кесірінен қазақстандық кәсіпкерлердің тауарлары шекара аса алмай, дағдарып тұр.

Ал біздің билік Қытайдың айтқанынан шыға алар емес. Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға тасымалданатын жүктерді ҚТЖ жеткізіп беріп жатыр. Қазақстанның ұны, көмірі вагон-вагон Қытай асып жатыр. Ал елде көмір тапшы, бағасы да удай. Қара халыққа қатты тиіп тұр. Қытай біздің елге қысым жасағанда неге Ақорда үнсіз? Неге солардың айтқанынан шыға алмай отыр? Неге қолында бар тетіктерді пайдаланып, қарсы әрекет жасамасқа? Мысалы, Қытай саясатын сынағаны үшін тауарларына Қытай тарапынан шектеулер қойылған Австралия көмір сатпай қойып еді, көмірмен істейтін жылу электр стансалары тоқтауға мәжбүр болды. Біз неге Қытай тауарлары үшін теміржол тасымалын жаппаймыз? Ұн, көмір сатпай қояйық! Ел емеспіз бе? Әлде біреудің мүддесі бар ма, дейді ол жазбасында.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз