Шымкентте тәртіп сақшылары жас қызды өлімнен құтқарды

видеодан алынды видеодан алынды
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өмірімен қош айтыспақ болған 24 жастағы азаматша мән-жайды анықтау үшін Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Шымкенттік полицейлер 9-қабаттың терезесінен секірмек болған 24 жастағы қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 2021 жылдың 4 қарашасында түнгі сағат 00:30 шамасында 102 арнасына 9-қабаттың терезесінен секіргелі тұрған адамға көмек керек деген хабарлама келіп түсті.

Тәртіп сақшылары хабарламаға шұғыл ден қойып, жақын маңдағы Патрульдік полиция полкінің 4-рота №821-автоэкипажын оқиға орнына жібереді. Қызмет барысында полиция лейтенанты А.Ибрагим мен полиция майоры Н.Қоспанов аталған мекенжайға бірден келіп, терезенің сыртында тұрған азаматшаны көреді. Полиция қызметкерлері бір сәтте ойланбастан батылдық танытып, жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде терезе сыртында тұрған қызды қауіпсіз жерге шығарып үлгереді.

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өмірімен қош айтыспақ болған 24 жастағы азаматша мән-жайды анықтау үшін Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз