"Мәжбүрлі емес" деп, балаларға да екпе салу басталды

Zakon.kz/Павел Михеев Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда бір жарым мың баланы екпе алуға дайындап қойыпты.

Алматыда 1619 жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцина алуға дайын. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лаура Мырзағали бүгін брифингте Алматы емханаларында жасөспірімдерді Pfizer вакцинасын егу басталғанын айтты. Келесі аптада кәмелетке толмағандарды мектептерде вакциналау басталады.

Біздің қаламызда 12 жастан 17 жасқа дейінгі 1619 бала вакцина алуға келісті. Ата-аналардың келісімімен. Егер ата-аналардың келісімі болмаса, бірақ жасөспірімнің өзі қаласа, бұл жағдайда біз хабарласып, ата-аналарының келісімін сұрауымыз керек, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, ата-аналар балаларымен бірге медициналық мекемеде болуға міндетті емес. Медицина қызметкерлері мен сынып жетекшісінің келісімі жеткілікті.

Әр ата-ана өз қалауы бойынша жеке шешім қабылдауы керек. Егер ол қаласа, бірге бола алады, егер уақыты болмаса, бірақ келісім берсе, біз вакцина сала аламыз, – деп түсіндірді ол.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз