Енесінің атынан кредит алған келінге қылмыстық іс қозғалды

ТО ПД баспасөз қызметі ТО ПД баспасөз қызметі
Қазіргі таңда жас келінге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістанда енесінің атынан несие алған келін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ордабасы ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс біреу оның атынан 880 мың теңге несие алған. Яғни жәбірленуші әйел банктен хабар келгенде өзге біреудің несие алғанын біледі. Содан жергілікті тұрғын тез арада полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Тіркелген дерекке сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Ордабасы ауданының полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол жергілікті тұрғын жәбірленушінің келіні болып шықты.

Сондай-ақ күдіктінің бұдан алдын да ұрлық жайты бойынша сотты болғаны расталды. Яғни күдікті енесінің атынан несие рәсімдеп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан. Қазіргі таңда жас келінге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз