Жаңалықтар тізбегі
0

Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салу басталып кетті

Айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2021 00:00 Pixabay
Ережені елемегендер 15 мың теңге төлеуі тиіс.

1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл арқалайды. Тозығы шыққан дөңгелегін ауыстырмай көктайғақта сырғанап жүргендер шетінен жазаланады. Тіпті барлық маусымға жарамды деген дөңгелектермен жүруге де тыйым салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарының жол полицейлері жауапсыз жүргізушілерді тексеруге бүгіннен бастап кірісіп кетті. Солтүстік өңірде қарашаның қара суығы қарға ұласып, желтоқсанға жетпей-ақ көлік жүргізушілерін сынап үлгерді. Талай жол апатына да себепші болған – төрт дөңгелек. Көктайғақ басталғалы қауіпсіздігіне бейжай қарамайтындар жаппай ауыстыруға кірісті. «Әлі күнге дейін жазғы дөңгелегімен жүргендер көп», – дейді жол полицейлері, делінеді КТК телеарнасының жаңалықтарында.

Ереже бойынша қыстың бірінші күнінен бастап кез келген техника қысқа әзір болуы тиіс.

Қазір жол үстіндегі жағдай алаңдатарлық. Ауа райы құбылып тұрғандықтан, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Сондықтан жолға шығатын жүргізушілерге жазғы дөңгелекті міндетті түрде ауыстыру талап етіледі. Ақмола облысы ПД аға инспекторы Қуанышбек Әбенов

Қысы қаһарлы Семейде де полиция қызметкерлері көліктердің қыстық дөңгелектерін жаппай тексеруге көшті. Негізінен, жүргізушілердің басым бөлігі оны ауыстырып үлгерген. Олар да ақ қар, көк мұзда жаздық шинамен жүру өте қауіпті екенін айтады. Дегенмен тәртіп сақшылары «салғырттыққа жол беретін жүргізушілер жетерлік», – дейді. Айтуларынша, қыс пен жазды тең көретіндердің басым бөлігі – жастар. Енді жүгенсіз кеткендерді тезге салу үшін оларды жазалауға ниетті.

Кеден одағының техникалық регламенті бойынша қысқы дөңгелек тақпаған жүргізушілер ӘК 590-бабына сәйкес жазаланады – бес айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Семей қаласы ПБ жол-патруль полициясының инспекторы Дулат Әбдікәрімов

Ала жаздай бір дөңгелекпен жүріп, қыс түскенде өзге де көлік құралдарына қауіп төндіретін жүргізушілерге енді 15 мың теңге айыппұл салынады. Техникалық регламентте барлық маусымға жарамды деген дөңгелектер де жарамайды. Тіпті бүрі бар дегеннің өзі кедір-бұдыры 4 мм-ге жетпесе, тозған болып саналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: