Павлодарда төтенше жағдай орын алып, тұрғын үйлер мен әкімдік те сусыз қалды

Павлодар облысы Сурет: pixabay
Олардың бәріне арнайы көлікпен су тасымалданып жатыр

Павлодардың қақ ортасында су құбыры жарылып, 22 нысан сусыз қалды. Оның ішінде бірқатар тұрғын үйлермен қатар, Павлодар облысының әкімдігі мен ұлттық байланыс операторының филиалы да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көшеге атқақтаған су көлік қозғалысын да қиындатып жіберді, делінеді КТК жаңалығында.

Апатты қалпына келтіру жұмысы қолға алынды. Жайылған судан мұз пайда болған, соны жою қатар жүргізілуде. Судан ажыраған нысандар тізімінде тұрғын үйлер, коммерциялық нысандар және әкімшілік ғимараттар да бар. Олардың бәріне арнайы көлікпен су тасымалданып жатыр. «Павлодар Су» ЖШС бас инженері Дмитрий Башкиров

Шенеуніктер бұл жағдай ешкімнің жұмысына кедергі келтірмеді деп сендіреді. Белгілі болғандай, орталықтағы магистраль құбыр жарылған екен. Мамандар оны жамауға ертеден бері жанталасып жатыр. Айналаға жайылған су мұз боп қатып жұмысты қиындатып жіберді. Соның кесірінен көліктердің де, жаяу жүргіншілердің де қозғалысы қиындаған. Бірақ жауаптылар көп кешікпей ақауды қалпына келтіреміз деп уәде етті.

Айта кетейік, қаладағы су құбырларының 80 пайызы тозған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз