Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекорд жасады – ӨКМ операторы

ӨКМ операторы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 15:06 Zakon.kz
Жоюға тапсырылған көліктердің басым бөлігі 70-90 жылдары шыққан машиналар

2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495 жеңіл көлік, 4040 жолаушы және 8 470 жүк көлігі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға биыл 13,7 млрд теңге қаражат төленді. Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы іске қосылған уақыттан бері қазақстандықтардан барлығы 214 932 көлік қабылданды. ӨКМ Операторы баспасөз қызметі

Ауылшарушылық техникасы бойынша бүгінгі таңда 3 206 техника тапсырылды. Оның ішінде 2 348 трактор, 858 комбайн. 2021 жылы агротехникаларды қабылдауға барлығы 3 380 квота бөлінген болатын.

Бағдарлама аясында жеңіл автокөліктерге 210 мың, жолаушы және жүк көліктерінің санатына қарай 420 мыңнан 630 мың теңгеге (126-216 АЕК) дейін бағаланады. Агротехниканы тапсырушыларға 560 мыңнан 2 миллион теңгенің жеңілдік сертификаты беріледі.

Жеңілдік сертификаты бағдарламасы бойынша 54 834 автокөлік қабылданды. Аталған бағдарламаның нәтижесінде отандық өндірушіден 29 853 су жаңа автокөлік сатып алынды.

Айта кету керек жоюға тапсырылған көліктердің басым бөлігі 70-90 жылдары шыққан машиналар.

Аймақтар бойынша көлік тапсырудың үздік бестігін Шымкент, Алматы, Тараз, Қарағанды, Павлодар қалалары бастап тұр. Естеріңізге салайық 2021 жылдың 1 желтоқсаннан бастап жеңіл, жолаушы және жүк көліктерін қабылдау уақытша тоқтатылды. Оның себебі биылғы жылға межелі квота толығымен игеріліп отыр. Ал ауылшаруашылығы техникасы электронды кезекке сәйкес жыл соңына дейін қабылданады. Ескі көліктерді қабылдауға қажетті квота бөлінгеннен кейін 2022 жылдың қаңтар айынан бағдарлама қайта іске қосылады деп күтілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: