Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал кино және театр әртісі Нина Ургант қайтыс болды

Нина Ургант, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 19:53 Сурет: "Белорусский вокзал" фильміндегі кадр
2014 жылдың шілдесінде Ургант Паркинсон дертіне шалдыққанын айтқан болатын

 2021 жылы 3 желтоқсанда ресейлік театр және кино әртісі Нина Ургант 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС актриса қызмет еткен Александринский театрына сілтеме жасап хабарлады.

Кейінгі жастар оны тележүргізуші Иван Урганттың әжесі ретінде таниды. Алайда үлкен кісілер оны талантты, танымал әртіс екенін жақсы біледі. Ұлы Андрей Ургант та тележүргізуші әрі актер.

Нина Ургант 1929 жылы 4 қыркүйекте Ленинград облысының Луга қаласында дүниеге келген.

1948 жылдан 1953 жылға дейін А. Н.Островский атындағы Ленинград театр институтында білім алды.

1954 жылдан бастап Ленин комсомолы атындағы Ленинград театрында қызмет етті.

1962 жылдан бастап Александринский театрында жұмыс істей бастады, онда 30-дан астам рөл ойнады.

Кинодағы алғашқы үлкен рөлі 1962 жылы шыққан Игорь Таланкиннің "Вступление" мелодрамасында бой көрсетті.

Одан кейін "Я родом из детства" (1966) фильмінде Люсидің және Виктор Туровтың "Сыновья уходят в бой" (1969) фильмінде Анна Михайловнаның рөлін ойнаған.

Ал режиссер Андрей Смирновтың "Белорусский вокзал" (1970) фильміндегі медбике Раяның рөлі оған танымалдылық әкелді.

2014 жылдың шілдесінде Ургант Паркинсон дертіне шалдыққанын айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: