Оралда Land Cruiser жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кетті

Орал Сурет: Facebook/Тамара Еслямова
Зардап шеккендердің екеуі де ауыр жағдайда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Олар 16 жаста

Оралда 4 желтоқсан күні кешке Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жолдың шетімен келе жатқан екі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға туралы баспагер Тамара Еслямова Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, жүргізуші мас болып, көлігін тастап оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ әйелі көлікте қалып қойыпты, деп жазады Liter.kz.

Жазбаның астына пікір қалдырушылар бұл ауданда тротуарлар жоқ екенін, сондықтан адамдар өз өмірлерін қатерге тігіп, жолдың шетімен жүруге мәжбүр екенін атап өтті.

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда көлікте рөлде болдым деген жүргізушінің әйелі болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Prado көлігінің тізгінінде ер адам отырған. Қазір ол іздестірілуде. Орал қалалық полиция департаменті

Зардап шеккендердің екеуі де ауыр жағдайда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Олар 16 жаста.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккендерге жабық бас сүйек-ми жарақаттары, мидың шайқалуы сынды диагноз қойылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз