Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та жылжып бара жатқан ұшақтан ер адам секіріп кетті

АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2021 15:56 Сурет: pixabay
Жолаушы ұшақтан секіріп түсіп қалған соң ұшу-қону алаңынан өрт сөндіру станциясының ғимаратына қарай бет алып, сондағы бір бөлмеге кіріп, ішінен тарс құлыптап алды

30 жастағы ер адам АҚШ-тағы Феникс Скай-Харбор халықаралық әуежайында жылжып бара жатқан ұшақтан секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшақ ұшу алаңындағы жолақтың біріне бет алып бара жатқан, деп жазады Газета.ру. Оқыс оқиға Колорадо Спрингс қаласынан ұшып келген №4236 рейсінде болды.

Алдын ала деректер бойынша, ұшақ ұшу алаңындағы жолақтың біріне қарай жылжып бара жатқанда борттағы жолаушының бірі әуе кемесінің артқы бөлігіндегі люк арқылы сыртқа секіріп кеткен.Southwest Airlines компаниясының өкілі Дэн Лэндсон

Осыдан кейін капитан ұшақты тоқтатып, авиациялық-диспетчерлік қызметті болған жайдан хабардар етті, деп атап өтті ол. Ер адам ұшу-қону алаңына құлап, аяғын жарақаттады.

Жолаушы ұшақтан секіріп түсіп қалған соң ұшу-қону алаңынан өрт сөндіру станциясының ғимаратына қарай бет алып, сондағы бір бөлмеге кіріп, ішінен тарс құлыптап алды. Өрт сөндірушілер ер адамның өз бетімен есік ашуға көндірді. Оны тексеріп, аяқ жарақатымен ауруханаға жеткізді.

Ұшақ рейсі шамалы кідіріс пен мәселе талқысынан соң өз маршруты бойынша жолға шықты. Лайнер Колорадо Спрингске аман-есен ұшып кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: