Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келіп жетті

Нұр-Сұлтан әуежайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2021 21:39 Сурет: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі
Сапардың негізгі іс-шаралары 6 желтоқсанда өтеді.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Нұр-Cұлтан қаласына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрші мемлекеттің көшбасшысы елордаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді, деп хабарлайды Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді.

Нұр-Сұлтан әуежайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2021 21:39

Сурет: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Көшбасшылар қысқаша сөз алмасты.

Сапардың негізгі іс-шаралары 6 желтоқсанда өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелері талқыланады. Мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық саясат мәселелері бойынша да пікір алмасады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою көзделген.

Саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2021 21:39

Сурет: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: