Жаңалықтар тізбегі
0

Мобильді аударымдар мен төлемдер: қалай ажыратамыз

Мобильді төлем, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 16:26 Сурет: Zakon.kz
ТОП-5 жалған (фейк)

Қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан осы тақырыпқа байланысты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді. Ол үшін фейктер мен фактілердің ара-жігін ажыратуымыз керек.

№ 1-фейк:

2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық мобильді аударымдарға салық салынады.

Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдар салық салуға және тексеруге жатпайды. Енгізілген өзгерістер декларацияда заңды айналымды көрсетпей, мобильді аударымдар арқылы төлем ретінде ақша қабылдайтын кәсіпкерлерге қатысты.

№ 2-фейк:

Егер мен әріптестерімнен, мектептегі ата-аналардан туған күндерге аударым арқылы ақша алсам, бұл үшін менен салық алынады. 

Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды. Бұл ретте жеке тұлғалар туралы мәліметтерді 2025 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарына беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, бір тұлғаның күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет аударымдарды алуы кәсіпкерлік қызметті анықтау критерийлерінің бірі болып табылады.

№ 3-фейк:

Мен жеке кәсіпкермін, енді мобильді төлемдерінен түскен түсімдер үшін де салық төлеуім керек пе? Бұл екі рет салынған салық қой!

Жоқ, салық екі рет салынбайды, мобильді төлемдер жаңа салық түрі емес және қосымша салық ауыртпалығын көтермейді.

Жеке кәсіпкерлер өздерінің заңды айналымын көрсетуі керек.Сонымен қатар, салық демалыстары 2023 жылға дейін күшінде екенін хабарлаймыз, онда шағын бизнес салық төлеуден босатылады.

№ 4-фейк:

Салық органы жаңа 2022 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар туралы барлық ақпаратты банктен алатын болады.

Жоқ, жеке тұлғалар туралы ақпаратты тек 2025 жылдан бастап, жалпыға бірдей декларацияға сәйкес, екінші деңгейлі банктер береді деп жоспарлануда.

№ 5-фейк:

Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар мен қолма-қол ақша төлемдерінің есебін жүргізуім керек пе?

Жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдер мобильді төлемдер арқылы қабылданады (мобильді аударымдар арқылы емес).

Осылайша, мобильді төлемдерге қаражат кәсіпкердің арнайы шотына түседі. Декларацияда жалпы айналымды көрсету қажет: оның ішінде алынған қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақша айналымы бар.

ТОП-5 факті

1-сұрақ:

Егер мен жұмыс істеп, бақылау-кассалық аппаратты барлық сатылған тауарларға қолдансам, енгізілген нормалардың салдары қандай болмақ?

Жауап: Бақылау-касса машиналарын пайдаланатын және заңды айналымды көрсететін кәсіпкерлерге бұл ереже әсер етпейді.

2-сұрақ:

Екінші деңгейлі банктер потенциалды «құқық бұзушыларға» талдау жүргізіп, мұндай салық төлеушілер туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына береді ме? Достары мен туыстарына аударма жасайтын қарапайым адамдарға уайымдамауға бола ма?

Жауап: Иә, дұрыс, бұл ереже жеке адамдарға әсер етпейді. Потенциалды «құқық бұзушылар» тәуекелдерді басқару жүйесімен айқындалатын болады, оның критерийлерінің бірі: күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет ақша аударымдарын қабылдаған бір тұлғаның кәсіпкерлік қызметі анықталады.

3-сұрақ:

Енгізілген өзгертулер тек кәсіпкерлерге қатысты, ал жаңа жылдан бастап «мобильді төлемдер» деген жаңа ұғым пайда болады және бұл өздеріне ыңғайлы жолмен ақша аударатын қарапайым халыққа әсер етпей ме?

Жауап: Бұл ереже тек кәсіпкерлерге қатысты екені рас, бұл ереже жеке тұлғаларға қолданылмайды.

4-сұрақ:

Критерийлер туралы механизм жобасы ресми түрде жариялана ма? Мобильді аударымдар үшін бекітілген критерийлерді көре аламыз ба?

Жауап: Белгіленген критерийлер қоғамдық талқылау үшін «Ашық құқықтық актілерде» талқылау үшін ресми түрде жарияланады.

5-сұрақ:

Кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап мобильді төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін кәсіпкерлік қызметке бөлек шот ашу керек пе?

Жауап: Дұрыс, кәсiпкерлерде мобильдi төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін жеке бизнес-шот болуы керек.

Сонымен қатар, жеке тұлға үшін тауарларды төлеу кезінде ешқандай өзгерістер болмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: