Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті

Қарағанды тас жолында үш көлік кюветке шығып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2021 16:42 Zakon.kz
Жүргізушілер медициналық мекемеге жеткізілген

Қарағандыдағы тас жолда төрт автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға 7 желтоқсанда таңертең болған.

Nissan жүргізушісі Майқұдық – Сортировка автожолымен жүріп келе жатып, тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Toyota-мен соқтығысқан.

Toyota-ның соңынан келе жатқан КамАЗ жүргізушісі жол көлік оқиғасын алдын алу үшін тежегішті басып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соқтығысқан барлық машиналар кюветке ауып кетті. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Жеңіл автокөліктердің жүргізушілері медициналық мекемеге жеткізілді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: