Алматының Рысқұлов даңғылында жарылған жылу құбыры жөнделді

Жылу құбыры жарылды Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
8 желтоқсанда таңғы сағат 9:00-де көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді

7 желтоқсанда Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысы арқылы өтетін жылу магистралі жөнделді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диаметрі 1000 мм құбыр сегменті қалпына келтірілді. Жылу магистралі бұрынғы қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.

Жол қозғалысын ашу үшін бір тәулік ішінде асфальт жабыны қалпына келтірілді. Топырақ үстіне арнайы плиталар төселді.

Сонымен қатар, 7 желтоқсан күні сағат 18:30-дан бастап Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) автокөлік қозғалысы жартылай ашылды. Ал 8 желтоқсанда таңғы сағат 9:00-де көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді."Алматы жылу желілері" ЖШС

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз