Тоқаев өрттен ер адамды құтқарған алматылық өрт сөндірушіні марапаттады

Салтанатты шара Сурет: Алматы қалалық ТЖД
Үлкен қауіпке қарамастан, Абдукаримов Нұрсұлтан жоғары температура мен еш көрінісі жоқ жағдайында әрекет ете отырып, газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында қалған адамдарды іздеу үшін тұрғын үйге кірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жанып жатқан үйден 29 жастағы ер адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен кәсібилігі үшін Алматы қаласы ТЖД қызметкері өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрсұлтан Әбдікәрімов марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын өрт сөндірушіге Республика сарайында салтанатты түрде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев табыс етті.

Құрмет грамотасы

Сурет: Алматы қалалық ТЖД

5 мамыр күні түнгі сағат 02:05-те Алматы ТЖД 101 пультіне Жетісу ауданындағы Жангелдин көшесі, 91 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына дереу №8 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді, жұмылдырылған өрт сөндіруші-құтқарушылардың бірі Нұрсұлтан болған. Оқиға орнына 02:13-де жеткенде, шаруашылық құрылыстарының қызыл жалынмен жанып тұрғаны, өрт жеке тұрғын үйге таралып үлгерген.

Терезелерден қара қалың түтін мен от жалыны лаулап тұрды. Куәгерлердің айтуынша, отқа оранған жеке тұрғын үйдің ішінде адамдардың қалуы мүмкін болатыны анықталды.

Өрт сөндіру басшысының командасы бойынша құрамында Нұрсұлтан да бар адамдарға барлау жүргізу және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құрылды.Үлкен қауіпке қарамастан, Абдукаримов Нұрсұлтан жоғары температура мен еш көрінісі жоқ жағдайында әрекет ете отырып, газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында қалған адамдарды іздеу үшін тұрғын үйге кірді. Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізуді, төбенің опырылып құлауы қиындатты.

Осының бәріне қарамастан, азаматтық қорғау кіші сержанты, Әбдікәрімов адамдарды іздеуді жалғастырды. Кенеттен аяқ астынан бір қозғалыс сезіп, Нұрсұлтан газ түтіннен қорғау буыны құрамында жанып жатқан және түтінделген үй-жайдан зардап шеккен адамды шұғыл эвакуациялауды бастады.

Осылайша, Абдукаримов Нұрсұлтан Жұмабайұлының ерлігі, батылдығы мен дұрыс іс-әрекетінің арқасында 1992 жылы туылған азамат С. Е. құтқарылды, сондай-ақ өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ, өрт тез 30 минут ішінде оқшауланып, жойылды. Алматы қалалық ТЖД

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен көрсеткен ерлігі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты Абдукаримов Нұрсұлтан Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз