Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2021 21:42 Сурет: zakon.kz
Қазақстандық Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 385 (164+221) келіні бағындырды

21 жастағы қазақстандық зілтемірші Артем Антропов Ташкентте өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде IV орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағандылық Артем Антропов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Бірінші жаттығудан кейін қазақстандық 12-орынды иеленді. Ал жұлқа көтеруде спортшы бірден 215 келіні бағындыруға тырысты, алайда бұл оңай болмады.

Қазақстандық Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 385 (164+221) келіні бағындырды. Мұндай нәтиже серпе көтеруде кіші күміс жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді. Алайда жарыстың қорытынды кестесінде Артем Антропов IV орынға ие болды. 

Алтын медальді Колумбия спортшысы Монтано Паредес (187+213/400 келі) жеңіп алды. Фарис 394 келіні (172+222 ) көтеріп, күміс жүлдені иеленді. Ал Санчес 391 (177+214) келімен үздік үштікті қорытындылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: