Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда 13 жасар қызды иттер талап тастады

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2021 00:03 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жергілікті әкімдік қаңғыбас төбеттермен күресуге бюджеттен қаржы бөлінбейтінін айтады

Атырау облысы Атырау ауылдық округінде 13 жастағы қызды төрт ит жұлмалап тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абырой болғанда, қасындағы құрбысы дер кезінде көмек шақырып, беті мен денесі дал-дұл болған жасөспірім ажалдан аман қалды. Алайда ауруханаға ауыр халде жеткізілген қыз бала жансақтау бөліміне жатқызылыпты, делінген "Еуразия" бірінші арнасының ақпаратында.

Қызымның жағдайы орташа. Осы кеше сағат 18.00 шамасында би үйірмесіне барамын деп шыққан, орта жолда болған жағдай, төрт ит бірден жабылып, үсті-басын дал-дұл еткен. Масқара ғой. Бір адам.  Әкімдік қайда қарап отыр? Ауылдың екі ортасындағы жолда болса, мейлі. Көшеде адам өлу керек пе?..Зардап шеккен қыздың анасы Гүлдана Қабасова

Бұралқы итке таланып жатқан оқушыға алғашқы болып көмек бергендердің бірі – Ринат. Куәгердің айтуынша, оқушының жанында өзінің қызы да болған. Ол төбеттерден қашып үлгеріп, көмекке әкесін шақырыпты.

Қызыма "не болды" деп едім. "Папа, папа жабылып жатыр", – деді аптығып. Жүгіріп барсам, төрт ит тартқылап жатыр, киімі қаннан көрінбейді. Келмесем, бөлшектеп жеп қоятын түрі бар. Қаңғыбас иттер көп бізде. Атырау ауылдық округінің тұрғыны Ринат Абуов

Құтырған иттердің ауылда көптігі соншалықты тұрғындар  таңертең оқушы балаларын мектепке жіберуге қорқақтайды. Ал бұралқы төбеттердің мәселесі бұрыннан ашық күйінде қалып отыр. "Әкімдік ешқандай шара қолданбайды", – дейді Шайдолла Тауманов. 

Мектептен келген баланы ит талап, сәбилерге сонда не істейді енді? Жарық жоқ. Бұралқы иттер, иттің мәртебесін жоғары қойып қойған. Қайдан шыққан заң бұл? Атырау ауылдық округінің тұрғыны Шайдолла Тауманов

«Мына мусорға ит те келеді. Ата-аналар жұмысқа шығады. Машинамен шықпасақ, қиын иттен! Иттер үлкен. 14 жастағы баланы жетектеп апармаймыз ғой, күтіп алмаймыз! Екі қыз қашқан, Алла сақтап, әкесі құтқарып қалды».

Ал жергілікті әкімдік қаңғыбас төбеттермен күресуге бюджеттен қаржы бөлінбейтінін айтады.

Бұралқы ит мәселесі әкімшіліктің құзырында емес. Бізге бұралқы итпен күресу үшін қаржы бөлінбейді. Ветеринария басқармасы бар. Енді иттерге келетін болсақ, малдарды ұстау тәртібі жөнінде 364-ереже бар. Итті иесі үйінде жіппен байлап ұстау керек. Сыртқа шығармау жөнінде. Бұл 3-4 ит кезінде үйден шыққан, тұрғындардан шыққан ит. Атырау ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қалмұрзин

Қазір  жасөспірімнің жағдайы орташа. Сол иығы, беті қатты жараланған.

2008 жылы туған қыз бірден жансақтау бөліміне ауыр жағдайда сағ. 19.50-де жеткізілді.  Анықталғандай, науқастың екі иығын, білегін, қолдарын, екі жамбасы мен аяғын иттер талаған. Бүгінде жағдайы тұрақты, қазір қыз бала жансақтау бөлімінде анасымен бірге жатыр. Облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Әлия Нұртай

Мәлім болғандай, өңірде бұралқы иттерді анықтау бойынша 46 рейд өткізілген. Нәтижесінде 348 иттің көзі жойылған.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: