11:58 04.01.2022

Сауд Арабиясындағы Табук тауында қар жауды

Сурет: Twitter/sebusher
Сауд Арабия патшалығының солтүстік-батысындағы Джебель аль-Лоуз аймағында қалың қар түсті, деп хабарлайды Zakon.kz

Turkystan.kz сайтының мәліметі бойынша, Табук тауындағы бұл табиғи құбылысты өз көзімен көруге Катардың тұрғындары да келген. Бұл аймақта қар 2021 жылы жауған болатын. Сонда өмірі қар көрмеген жергілікті тұрғындар табиғи құбылысты шоколадты балмұздақпен салыстырған.

Мыңдаған тұрғын мен келушілер ландшафтты тамашалауға ағыла бастағандықтан, қауіпсіздік күштері ауа райының қолайсыздығына байланысты осы аймаққа апаратын жолды жауып тастады. Билік Табуктың қонақтары мен тұрғындарын 3 қаңтарға дейін созылатын нөсер жаңбыр мен найзағай болатынын ескертіп, жеке бас қауіпсіздігін сақтауға шақырды.

Сауд Арабиясының ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, алдағы күндері Асирде, Джизанда, Мединада, Градта, солтүстік шекаралар мен әл-Джауф, сондай-ақ Табук аймағында қатты жел көтеріліп, найзағай мен қар күтіледі.

Главная Топ новости Zakon LIVE Все новости