Тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысты – Ерлан Қарин

Митинг, террорлар Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин елдегі тәртіпсіздіктерге радикал және экстремистік ұйым мүшелері қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлады Zakon.kz

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында, 20 желтоқсанда бір мезгілде Қазақстан аумағына бір топ шет ел азаматтарының келуі тіркелгенін, олар 7-8 қаңтарда түрлі бағытта елден шықпақ болғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, арнайы қызметтер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикал және экстремистік ұйым мүшелері соңғы оқиғаларға қатысу дерегін анықтады. Шетелдік террористік ұйымдардағы қазақстандық радикалдардың бұл оқиғаларды пайдаланып, жаңа шабуыл жасау әрекеті болды. Бұл әрекеттерді арнайы қызмет дер кезінде басып тастады. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин

Мемлекеттік хатшының айтуынша, республикадағы тәртіпсіздікті сот экстремистік деп таныған ұйымдардың бірі ұйымдастырған.

Сот таныған экстремистік ұйымдардың бірі осы шерулерді, тәртіпсіздіктерді, ашық түрде зорлық-зомбылық әрекеттерін, әкімшілік ғимараттарды басып алуды тудырды. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз