Зардап шеккен кәсіпкерлерге бір ай ішінде өтемақы төленеді - Мырзахметов

Залалды өтеу механизмі Сурет: Zakon.kz
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Facebook парақшасында тікелей эфирге шығып, зардап шеккен кәсіпкерлердің залалын өтеуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абылай Мырзахметов тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнестің залалын өтеуге қатысты өңірлік комиссиялар жұмыс істеп жатқанын еске салды. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 10 мыңнан аса кәсіпкер зардап шеккенін жеткізді. Басқарма төрағасы залалға өтемақы  алдағы бір айдың ішінде беріле бастайтынын жеткізді.

Біз залалды өтеу механизмін ұсындық. Мұның бәрінен үкімет пен президент әкімшілігі хабардар. Ел бойынша 9 өңірдің кәсіпкерлері зардап шеккен. Соның төртеуінде комиссия жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлер залалды өтеуге өтінімді 21 қаңтардан бастап беріп жатыр. Кеше Алматы комиссиясының отырысы өтті. Сонда кәсіпкерлер өтінім беру процедурасына қатысты тағы ұсыныстарын айтты. Ломбард, валюта айырбастау, ықшамдау және басқа ұсыныстың бәрі ескерілді. Бүгін Роман Склярдың қатысуымен өткен үкімет отырысында бұл мәселелер тағы қаралды. Абылай Мырзахметов
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз