Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда тәртіп сақшылары балконнан секірмек болған әйелді аман алып қалды

Ерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 23:01 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қарағандылық полицейлер тұрғын үйдің үшінші қабатынан секіріп кетпекші болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары Камал Давыдов пен Тоқпанбай Елшат қала орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау мақсатында қызмет өткеруге түскен. Сағат 23.45 шамасында оларға Жедел басқару орталығынан Лобады көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде белгісіз азаматша үшінші қабаттан секірмекші болып тұр деген ақпарат түсті. Араға бірнеше минут салып полицейлер өздеріне берілген бағыттама бойынша мекенжайға келді.

Оқиға орынына келгенімізде қапталған қылтиманың қоршауынан шығып тұрған азаматшаны көрдік. Артық бір қимыл жасап қалса азаматша құлап кететін еді. Бізде әр уақыт, әр минут санаулы болды. Әріптесім екеуміз көпқабатты үйдің дәлізіне кіріп, өзімізге қажетті пәтерді тауып алдық. Алайда ол пәтердің есігін бізге ешкім ашпады. Бір қабат төмен түскенімізде бізге екінші қабаттан бізге егде тартқан азаматша есік ашты. Зейнеткерге оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, ол үйге кірдік. Сол үйдің қылтимасы арқылы үшінші қабатқа көтерілдік. Қылтимаға көтерілгеннен кейін секірмекші болып тұрған азаматшаны қысып ұстап алдым. Басында біздің құтқарып қалғанымызды жақтырмай, артық қимыл жасағысы келген азаматша, кейін біздің айтқанымызға көнді. Кейін оны қылтиманың қоршауы арқылы ұсталып тұрып, есігіне қарай жылжытып алдым. Патрульдік полиция полкінің инспекторы Камал Давыдов
Камалға жалғыз өзі қылтиманың сыртына шығып кеткен азаматшаны үйге қайта кіргізу мүмкін емес еді. Сондықтан да мен бізге есік ашқан зейнеткердің үйінен қайта шығып, үшінші қабатқа көтеріліп, азаматша тұрған үйдің есігін бұзып, ішке кіріп, қылтимада тұрған әйелді ішке кіргізуге көмектестім. Патрульдік полиция полкінің инспекторы Тоқпанбай Елшат

Кейін анықталғандай, өз-өзіне қол жұмсап, көпқабатты үйден секіріп кетпекші болған әйел сол пәтерді өзінің досымен жалға алып, бір мерекені атап өтпекші болған. Сол жерге олар өздерінің достарын да шақырған. Мерекелік отырыс барысында азаматшаның досы оны өзгеден қызғанып, оған қол жұмсаған. Осыған көңілі қалған әйел қасындағылар ұйқыға кеткенде өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында азаматша бір қатерден аман қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: