Қызылордада қатерлі ісікке шалдыққан науқастар өмірлері үшін алаңдаулы

Онкология ауруы ушығып барады Сурет: Zakon.kz.
Қызылордада қатерлі ісікке шалдыққан науқастар дабыл қағуда. Себебі былтыр қазаннан бастап денсаулық сақтау министрлігі ең қымбат емдік шараны қаржыландыруды тоқтатып тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz

Астана телеарнасының мәліметінше, емнің бір курсы кем дегенде 3 млн. теңге тұрады. Ол таргетті және иммунды терапияны науқастар жылына 17 рет қабылдауы керек.

Рүстембек Шембеков 7 жылдан бері аты жаман дертпен күресіп келеді. Бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан ол соңғы 2 жылда таргетті терапия қабылдап жүр. Бір айда ішетін дәрімнің құны 4,5 млн теңге тұрады дейді ол. Бірақ енді оның мемлекет тарапынан тегін берілмейтіндігі қарияны қынжылтып отыр.

Өзімнің қалтамнан бұл ақшаны таба алмаймын. Алсам бір ай алуым мүмкін. Екі айға 7 млн. ақша қажет болады екен ол кезде. Одан да көбірек. Сондықтан зейнетке шыққан жас үлкен адамдар кете берсін демесе бізге көмектессін деп сұраймын. Рүстем Шымбеков, емделуші.

Миллиондаған қаржыны науқастардың қалтасы көтермейтіндігі дәрігерлерге де аян. Сондықтан осы уақытқа дейін қордағы барымен тегін ем жасап келген. «Бірақ ол таусылуға таяу» дейді онкологиялық орталық басшылығы. Дегенмен, олар аймақтағы осы ем-шараға тәуелді 60 науқастың мәселесі жақын арада шешіледі дейді.

Таригетті және иммунды терапия қатерлі ісігі асқынған науқастарға жүргізіледі. Соңғы бекітілген хаттамаға сәйкес, бұл ем-шара тек сүт бездері және жатыр ісігіне шалдыққандарға тағайындалуда. Қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты министрлікте арнайы топ құрылып, тиісті жұмыстар қолға алынған. Дмитрий Хегай, Қызылорда облыстық онкологиялық орталық бас дәрігерінің орынбасары.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз