ОСК Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады

өкілеттілігі тоқтады Сурет: senate.parlam.kz
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздің туындауы туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздің туындауы туралы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес ", Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өтінішті беруге байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғатын негіз туындағаны белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаеваның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертен Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаттығынан кеткенің мәлімдеген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз