Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте бір миллион құрт пен бауырсақ таратылады

қазақтың дастарханы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 16:12 Сурет: pixabay
Шымкент қаласының тұрғындары көктемнің алғашқы күнін атап өтуге Этноауыл тарихи кешеніне жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, қыстан аман шыққан ағайын әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастырған мерекелік қойылымына куә болды.

Алтыбақан теуіп, дәстүрлі әннен шашу шашылды. Қаз-қатар тігілген киіз үйде дастарханнан дәм ұсынылды.

«Алғыс саған, туған ел!» атты шарада түрлі ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты. Бірлік пен достықтың, қайырымдылықтың жарқын мерекесінде тұрғындарға арнап бауырсақ пен құрт дайындалады.

Осылайша 1 миллион құрт пен 1 миллион бауырсақ қаланың әр аумағында арнайы таратылмақ.

Қазақ халқында жақсы қасиет бар. Жылдың басын қалай қарсы алып, той қылып қарсы алсаң жыл бойы тоқ болып жүресің деген. Сондай мақсатта ауыз тигізу, еліміздің бұрыннан келе жатқан ескі дәстүрін жаңғыртып, жаңа форматта халыққа қазақтың дархандығын, қонақжайлылығын көрсету. Бақтияр Спанов, қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының басшысы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: