Еуропада газ бағасы шарықтап кетті

Еуропа, газ бағасы, фьючерс, Ресей, Украина, Путин Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Еуропадағы газ фьючерстерінің құны мың текше метрге 2 199 долларға (1 076 337 теңге) жетіп, рекордтық көрсеткіш орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны Лондонның ICE Futures биржасының мәліметтерінен көруге болады.

РИА Новости сайтының жазуынша, сәуір фьючерсі ашылған кезде 1500 доллар көлемінде сатылып, кейін сәл төмендегенімен, көп ұзамай баға өсе бастап, Мәскеу уақытымен 11:58-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 14:58) 2226 долларға жетті. Бұл кешегіге қарағанда (1 396,5 доллар) 59,4%-ға жоғары.

Соңғы күндері Еуропада газ бағасы қатты құбылып тұр. Сарапшылардың пікірінше, газ бағасы Ресей президенті Владимир Путин ақпанның 21-і күні өзін тәуелсіз ел ретінде жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы жарлықтарға қол қойғаннан соң және 24 ақпанда Ресей Украинаны демилитаризациялау үшін арнайы әскери операция бастағаннан кейін күрт көтерілген.

Егер ақпан айының басында және ортасында фьючерстер мың текше метрге 800-1030 доллар аралығында саудаланса, айдың соңында күрт көтеріліп, 1650 долларға дейін жетті. Сарапшылар Еуропадағы газ бағасы бұдан да жоғарылауы мүмкін екенін болжап отыр.
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз