Жаңалықтар тізбегі
0

Бұл турнир әлем чемпионаты алдындағы үлкен сынақ болды – Назым Қызайбай

бокс, "Странджа" турнирі, қыздар арасындағы жекпе-жек, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 11:49 Сурет: olympic.kz
Бокстан Болгарияның София қаласында өткен «Странджа» турнирінде жеңімпаз атанып қайтқан Назым Қызайбай БАҚ-қа сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Назым Қызайбайдың сұхбаты olympic.kz сайтында жарияланды. Онда боксшы қыз Софиядағы сайыстың қиын болмағанын айтады.

Софиядағы халықаралық сында барлық кездесулерімді бір деммен өткіздім. Өз салмағымдағы және басқа салмақтардағы қарсыластарды жіті бақылауға мүмкіндік туды. Айтарлықтай қиын жекпе-жек болды дей айлмаймын.Назым Қызайбай

Сұхбатында Назым Қызайбай жекпе-жек туралы айта келіп, бұл турнир әлем чемпионаты алдындағы үлкен сынақ болғанын атап өтті.

Бірақ бірінші кездесуді асыға күттім. Себебі, алғашқы айналымдағы қарсыласым 48 келіде 2018 жылғы әлем чемпионы еді. Бұл салмақта мен де чемпион болғанмын. Сол үшін өте тартысты боларына сенімді едім. Бірақ белгісіз себептермен қарсыласым шаршы алаңға шыққан жоқ. Қалған екі кездесуде бірінші раундта ұтылып жатып, кейін жеңіске жеттім. Ал финалда бірден басымдықты қолға алып, таза жеңдім. Бұл турнир әлем чемпионаты алдындағы үлкен сынақ болғаны анық. Өзіміздің де, қарсыласымыздың да әлеуетін байқадық. Қазіргі бапкеріміз де біз үшін жанын салуда. Өте адал, еңбекқор кісі. Сондықтан, оның үмітін ақтауға тырысамыз.Назым Қызайбай

Еске салсақ, әйелдер арасындағы сайыста 50 келі салмақта бақ сынаған Назым Қызайбай ақтық сында алжирлік Румайса Буалеммен кездесіп, 5:0 есебімен ұтты. Үшінші раундта Назымның қарсыласы нокдаун алды.  «Странджа» турнирінде топ жаруы – Назым Қызайбайдың ұзақ үзілістен кейінгі жеңістерінің бірі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: