Жаңалықтар тізбегі
0

«Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ басқарма төрағасы қызметіне Теміржан Әбдірахманов тағайындалды

Теміржан Әбдірахманов, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 14:15 Сурет: sk.kz
Директорлар кеңесінің шешімімен Теміржан Әбдірахманов «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Директорлар кеңесінің шешімімен Теміржан Қайратұлы Әбдірахманов «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Ал Мұхтар Жұмағазыұлы Керейбаев «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Темірхан Әбдірахманов 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын, Нархоз университетін, Ұлттық зерттеу ядролық университетін бітірген.

Теміржан Әбдірахмановтың еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2008 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Халықаралық жобалар және ынтымақтастық басқармасының менеджері қызметінен бастаған.

  • 2010-2015 жылдары — ОҚО, «АППАК» ЖШС (Қазатомөнеркәсіп) түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

  • 2015-2017 жылдары — «Волковгеология» АҚ (Қазатомөнеркәсіп) стратегиялық даму, маркетинг және инновациялар департаментінің директоры.

  • 2017-2020 жылдары — «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ бас директорының орынбасары.

  • 2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» АҚ бас директорының орынбасары болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: