Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Атырау қаласы, әкім, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2022 11:06 Сурет: Атырау облысының әкімдігі
Мейірім Қалауи Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды. Қаланың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қаңтарда өз өтінішімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаланың жаңа басшысы бұл қызметке президент әкімшілігінің және Атырау қалалық мәслихатының келісімі негізінде тағайындалды.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Мейірім Қалауиды активке таныстыра отырып, оның алдында ауқымды міндеттер мен шешімін күткен өзекті мәселелер тұрғанын тілге тиек етіп, жұмысына сәттілік тіледі.

Мейірім Қалауи 1985 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.

Білімі:

2006 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2006 – 2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған.

  • 2010 – 2011 жылдары «Тұран» ЖШС-нің директоры, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редактор болып еңбек еткен.

  • 2011 – 2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы, 2012 – 2016 жылдары Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

  • 2016 – 2019 жылдары облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

  • 2019 – 2022 Индер ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

  • Сондай-ақ Nur Otan партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: