Украинадағы жағдай: Зеленский НАТО-ға күмәндана бастады

Украина, НАТО, Ресей, Путин, заң, жалған ақпарат Сурет: president.gov.ua
Владимир Путин Ресей қарулы күштерінің әрекеті туралы жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы заңға қол қойды. Қылмыстық кодекс «Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әрекеті туралы көрінеу жалған ақпарат жариялау» бабымен толықтырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Владимир Путин Ресей Қарулы күштерінің әрекеті туралы жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы заңға қол қойды және Ресей Федерациясына қарсы санкцияларға үндейтіндер үшін қылмыстық жауапкершілікті бекітті. Қылмыстық кодекстің жаңа бабында үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 1,5 миллион рубльге дейін (шамамен 7,5 миллион теңге) айыппұл салу қарастырылған. Аталған заң бойынша қызметтік бабын пайдакүнемдік немесе өшпенділік мақсатында пайдаланғандар10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 5 миллион рубльге дейін (20,6 миллион теңге) айыппұл салынады. Егер жалған ақпарат ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, заңда 15 жыл бас бостандығынан айыру көзделген.

  • Ресейде Facebook әлеуметтік желісі бұғатталды. Роскомнадзор бұл әрекет танымал әлеуметтік желідегі ресейлік БАҚ-қа кіруді шектеуге жауап ретінде қабылданған шара екенін мәлімдеді.

  • Зеленский НАТО-ны Украина аспанын жаппау туралы шешімі үшін сынға алды. Ол НАТО-ның біреуді, соның ішінде альянсқа мүше мемлекеттерді қорғау қабілетіне күмән келтірді.

  • Ақ үй АҚШ конгресінен Украинаны қолдауға 10 миллиард доллар бөлуді мақұлдауды сұрап жатқанын растады.

  • Харьков мэрі Игорь Терехов қаланы басқыншылар қолына өткізуге 72 сағат берілгендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

  • Финляндия билігі НАТО-ға мүше болу мәселесін талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Олар Украинадағы оқиғаларға байланысты әлемдегі жағдай өзгерді деп есептейді.

  • Түркия Ресейге аспанды жаппайтынын мәлімдеді.

  • Қырымда қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар сақталған қойма табылды, деп хабарлады ФСБ.

  • Бүгін түнде Харьковте тағы да жарылыс дыбысы шықты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар қаланың шетінде болған.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз