Жаңалықтар тізбегі
0

«Aktau tourism city ltd» компаниясына қатысты алты әкімшілік іс қозғалды

Каспи, Қаракөл, сарқынды су, табиғатты ластау, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі,«Aktau tourism city ltd» компаниясы , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 16:10 Сурет: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті Ақтау қаласындағы «Aktau tourism city ltd» компаниясының филиалына қатысты тексеру жүргізіп, Каспий теңізі мен Қаракөл көліне сарқынды суларды ағызу фактісін растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, «Aktau tourism city ltd» компаниясында ҚР Экологиялық кодексінің 222-бабы 8-тармағының талаптары бұзылғаны анықталған.

Бүгінгі таңда компания дихлорланған бассейндік су жіберу құбырын бөлшектеді, екінші құбырды бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар Экология департаментімен берілген нұсқамалар шеңберінде атқарылды.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Компания бассейндік су мен тұщыландыру қондырғысында теңіз суын тазартқаннан кейінгі суды жіберген.

Сонымен қатар, су сынамаларын талдау нәтижелері көрсеткендей, өлшенген заттар, нитраттар мен хлоридтер бойынша нормативтерден ауытқушылық белгіленді. Бұл факт Экокодекстің 39-бабы 9-тармағының талаптарына қайшы. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған қоса ведомство өкілдері 2021 жылғы 15 қыркүйектен бастап КТҚ бойынша техникалық проблемаларға байланысты компания сарқынды суды биологиялық тұрғыдан тазартуды жүргізгенбегенін атап өтті. Осылайша, Кодекстің 393-бабы 1-тармағының талаптары мен жобалық шешімдер сақталмағаны белгілі болды.

Тексеру нәтижелері бойынша «Aktau tourism city ltd» компаниясына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 324, 325, 326, 328, 331, 332 баптары бойынша 6 әкімшілік іс қозғалды.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: