Жамбыл облысында әскерге шақырылған сарбаз жоғалып кетті

Военный жоғалды Сурет: Zakon.kz
Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күштері қатыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеуді жүргізуде.

Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күштері қатыстырылды.

Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұ. Бердишевке қатысты қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығына мына телефон номерлері арқылы – 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (Шекара қызметінің сенім телефоны) хабарлауды сұраймыз.
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз