Жаңалықтар тізбегі
0

«Жабайысыңдар ма»: Павлодар әкімі тұрғындар мәдениетін тілге тиек етті

қоқыс қалдықтары жайлы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2022 12:27 Сурет: Zakon.kz
Халық алдындағы есептік кездесу кезінде Павлодар әкімі Асайын Байханов қоқыс шығару және жалпы тұрғындар мәдениетін тілге тиек етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz таратқан ақпаратқа сай, кездесу барысында Равиль есімді Жаңаауыл тұрғыны Ертіс бойының барынша ластанғанын, сол үшін контейнерлер орнатуды өтінді.

Солай-ақ болсын, оны кім шығарып отырады, - деді Асайын Байханов. – Бізде контейнерлердің көбі өртенетінін білесіз бе? Әсіресе, жер үйлер тұрғындары контейнерге көмірден қалған күлді төгеді. Жұқа металл оған шыдамайды. Бүкіл әлемде қоқыс бактарын қайта өңделген пластиктен жасайды, бізде ондай істеу мүмкін емес – бір айға жетпей жанып кетеді. Сол себепті әкімдік қымбатқа металл контейнерлерді сатып алуға мәжбүр.

Осыны айтып отырып, қала әкімі сана-сезімін оятқан Германиядағы оқиғаны еске алды.

Германияға оқуға барғанымда, бір екі жігіт көшеге шыққанда біреуіміз шылым тотығын жерге тастады – дереу Франкфурттың бірнеше тұрғыны жетіп келіп: «Жабайысыңдар ма? Қайдан келдіңдер» деп ұялтты. Бұл оқиға өмір-бақи есімде қалды. Енді маған біреудің осындай зіркілдеп ұрысқанын қаламаймын, - деді Асайын Байханов.

Шаһар басшысы қала бюджеті немесе әкімдік күшімен қаламызды таза ұстап тұру мүмкін еместігін қайталап айтты. Оған барлық тұрғындар жұмылып атсалысуы тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: