Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет басшысы қазақстандық қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

8 наурыз, ҚР премьер-министрі, құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2022 13:50 Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаған премьер-министр қазақстандық әйелдердің еліміздің игілігі жолында жұмыс істеп жүргенін ерекше атап өтті.

Адамзаттың асылы – әйелдер қауымы әр күн сайын еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Әр шаңыраққа шуақ шашып, әр ұжымның ұйытқысына айналған Сіздер тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жемісті еңбек етіп жүрсіздер. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов

Смайылов сөз соңында әйелдер қауымына тілегін жолдады.

Сіздерге бар жақсылық, мықты денсаулық, ырыс-береке, істеріңізге сәттілік тілеймін. Аяулы жандарыңыздың ортасындағы қуанышты сәттеріңіз сарқылмасын!Әлихан Смайылов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: