Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі

онлайн оқу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 14:15 Сурет: unsplush
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжілістің жалпы отырысында маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас педагогтың мәліметінше, жоғары білім беруде жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі.

Енді Жоғары оқу орындары оқытудың онлайн түрінде белгілі бір бағыттар бойынша кадрларды дайындай алады. Бұл – заман талабы. Бұл ретте біліктілік талаптарына сай оқытудың бағыты бойынша (прокторинг, ақпараттық жүйе, цифрлық контент, кадрлар және т. б.) жеке лицензия алу міндетті болады.Асхат Аймағамбетов

Сонымен қатар министр Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай болатынын хабарлады. Енді барлық мектепте бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық жүреді.

Ал Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың тәлімгерлері үшін біржолғы ақшалай төлем жасау көзделіп отыр. Президент өз жолдауында осыған байланысты тапсырма берген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: