Жаңалықтар тізбегі
0

Қорғаныс министрі қаңтардағы шабуылшылардың әрекетіне баға берді

Руслан Жақсылықов, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 13:12 Сурет: primeminister.kz
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қаңтарда қарулы күштерге арнайы дайындалған топтардың қарсы шыққанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әскерлер мен арнайы жасақтардың жеке құрамын дайындау жүйесін жетік білетін әскери адам ретінде айта кетейін, қаңтарда өте жақсы дайындалған адамдар қарулы күштерге қарсы шықты. Қару қолданудан ғана емес, арнайы жасақ бөлімшелерінің іс-қимыл тактикасы бойынша да арнайы дайындықтан өткен адамдардың бар екені анықталды.Руслан Жақсылықов

Руслан Жақсылықов аңшы мен арнайы дайындықтан өткен адамның қаруды қалай қолданатынын қарапайым мысалмен түсіндіріп берді.

Аңшы аяғын айқастырып, бүйірмен қозғалады. Әскери қызметкерлер немесе арнайы дайындықтан өткен адам ешқашан аяқтарын айқастырмайды. Ол тек бүйірлік қадаммен жүреді. Сонымен қатар жауынгерлік әзірлікте оқ атуға дайындықтың тұтас жүйесі бар. Тиісінше, олардың қала жағдайында және жақын қашықтықта іс-қимыл жасап, жойқын элементтерді пайдалануды үйренгені анық көрінеді.Қорғаныс министрі

Министрдің пікірінше, деструктивті күштердің әрекетінен топтар мен халықты басқару жүйесін және қатаң тәртіпті анық көруге болады. Табиғаты бойынша барлық әрекет үйлестірілген және нақты міндеттерді орындауға бағытталған.

Тегіс ұңғылы қарулар тек аңшылықта ғана қолданылады. Бірақ меннің айтқым келгені, бұл қарулар қысқа қашықтықта, жабық кеңістікте автоматты қаруларға қарағанда тиімдірек болады. Өйткені зақымдау аймағы үлкен.Руслан Жақсылықов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: