Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР БҒМ: Техникалық кадрлар даярлау бағытында гранттар саны ұлғайтылады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 22:55 Сурет: pixabay
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев алдағы уақыттағы жоғары білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Facebook-тегі парақшасында ол министрліктің өткен жылы білім гранттарының санын 56 мыңға дейін ұлғайтып, шәкіртақы көлемін өсіруге қол жеткізгенін атап өтті.

Оның айтуынша, 14 ЖОО QS халықаралық рейтингіне және үш ЖОО Таймс беделді рейтингіне енді.

Жоғары білімді қолжетімді ету - күн тәртібінде өзекті болып қалуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға баса назар аудара отырып, гранттар саны 75 мыңға дейін ұлғайтылатын болады. Техникалық және IT бағыттарға гранттар 40% - дан 60% - ға дейін өседі. Батыс өңірлердің: Маңғыстау және Атырау облыстарының мектеп түлектеріне гранттар бөлу жоспарлануда. Гранттар бөлу арқылы жастар мен талантты балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді, сондай-ақ "Еркін грантты" енгізу жоспарлануда. 2025 жылға қарай студенттерге, магистранттар мен докторанттарға стипендия мөлшері 1,5 есе өседі. 2023 жылға қарай стандартталған тестілеуді енгізу арқылы жоғары оқу орындарына қабылдау рәсімі жаңғыртылуда. ҚР БҒМ вице-министрі Қуаныш Ерғалиев

Талапкерлерді қабылдау сапасын жақсарту үшін 2022 жылы "педагогикалық ғылымдарға" шекті балл - 80 балға, "құқыққа" - 75 балға (2021 жылы – 50 балға) дейін көтеріледі. ҰБТ нәтижелері бойынша колледждерге қабылдау мәселесі пысықталуда. Жоғары оқу орындарына магистратураға қабылдау кезінде өз емтиханын өткізу мүмкіндігі беріледі.

Жоғары білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін онлайн-оқыту форматын заңнамалық бекіту мәселесі пысықталуда. Осының арқасында шетелдік студенттер тартылатын болады, жастардың шетелге кетуі қысқарады, оқу корпустары мен жатақханаларды күтіп-ұстауға жұмсалатын қаржы шығындары қысқарады. Онлайн-оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарының цифрлық ресурстарына, білім беру бағдарламаларының контентіне, ПОҚ дағдыларына қойылатын жекелеген талаптар әзірленетін болады. Оқуға түсу кезінде тренингтер өткізу арқылы білім алушылардың онлайн-оқуға дайындығына ерекше назар аударылатын болады. ҚР БҒМ вице-министрі Қуаныш Ерғалиев

Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейту саясаты жалғастырылады. Жоғары оқу орындарына түрлі тілдерде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын анықтауда толық дербестік беріледі. "Микросанаттар", "нано-дәрежелер", "кеңейтілген дәрежелер (Stackable degree)" ұғымдары енгізіледі. Оқу үрдісінде практик-мамандардың санын көбейту жоспарлануда. Жоғары оқу орындары қорытынды аттестаттауды өткізу түрін өз бетінше анықтай алады.

Вице-министрдің айтуынша, жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру барысында бірінші кезектегі міндет - жұмыс берушілердің қатысуымен кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын кешенді жаңарту. Жаһандық білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін халықаралық әріптестерді тарту талап етіледі.

Шетел университеттерінің филиалдарын ашу бойынша жұмыс жалғасады. Филиалдарды құрудың негізгі тәсілдері: бас кампус есебінен филиалдарды қалыптастыру (өзін-өзі қаржыландыру), сапалы жаһандық бағдарламаларды енгізу және қос дипломды оқытуды дамыту, отандық жоғары оқу орындары базасында филиалдар құру болып табылады. Бұл ретте, ЖОО-лар шетелдік әріптес ЖОО-ны айқындау кезінде бірқатар критерийлерді ескеруі қажет: халықаралық рейтингтерге кіру (топ-500 QS WUR, QS by Subject, THE және т. б.); ЭЫДҰ елдерінің ұлттық рейтингтері (топ-10); жетекші шетелдік аккредиттеу органдарын аккредиттеудің болуы. ҚР БҒМ вице-министрі Қуаныш Ерғалиев

"Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға 500 грант және "Жас ғалым"жобасы бойынша жас ғалымдарға 1000 грант бөлінді. Постдокторантура аясында жас ғалымдар біліктілігін арттырудан өтеді. Шетелден дарынды ғалым-отандастарды қайтаруды ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда. Ірі ғылыми зерттеулер жүргізу және жаңа ғылыми мектептер қалыптастыру үшін мега-гранттар бөлінетін болады. ҒЗИ мен ЖОО-ң ғылыми-білім берудегі өзара қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінеді.

Қуаныш Ерғалиев өз жазбасында алда болашақтың бәсекеге қабілетті көшбасшылары - жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған қыруар жұмыс күтіп тұрғанын баса атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: