Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Ақордада Наурыз мейрамына орай бірқатар қазақстандықты наградтап жатыр

награда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 11:50 Сурет: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев әр салада елеулі жетістікке жеткен азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты шараға қатысушылар Ақордаға жиналды. Президент те келді.

Саланатты іс-шара басталды. Әуелі Президенттік оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады.

Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру. Сондай-ақ, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс саласын жақсарту. Ең бастысы – қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыру.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ел ішінде бейбіт күнде еңбегімен, қиын сәтте ерлігімен көзге түскен жандар аз емес. Кешегі дүрбелең кезінде қаншама азаматымыз жұртты сабырға шақырып, салиқалы сөз айтты. Олар өз басын қатерге тігіп, айналасындағы адамдарға көмектесті. Осындай отаншыл тұлғаларымыз – жас ұрпаққа өнеге», – деді Президент салтанатты іс-шарада.

Мемлекет басшысы лге еңбегі сіңген жаңдарға Ұлыстың Ұлы күнінде құрмет көрсетудің зор символдық мәні бар екенін айтты.

Мен Наурыз мерекесі қарсаңында бір топ қайраткерімізге мемлекеттік награда тапсыру жөнінде шешім қабылдадым. Бұл іс-шараны осы мейрамға орай өткізуді игі дәстүрге айналдырамыз.Президент
  • Президент жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын жазушы Илья Жақанов пен Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа салтанатты түрде тапсырды.

  • «Отан» ордені ақын Светқали Нұржанға табыс етілді.

  • І дәрежелі «Барыс» ордені Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлы мен ақын Нұрлан Оразалинге берілді.

Айта кетейік, осыған дейін Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталғаны хабарланған еді.

Марапатталғандар арасында өндіріс саласының өкілдері, денсаулық сақтау, бизнес, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еріктілер бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: