Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысының тұрғынынан трамватикалық тапанша тәркіленді

Түркістан облысы, травматикалық тапанша, Жетісай, қару-жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2022 12:04 Сурет: Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі
Жетісай АПБ-ның полицейлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қару ұстап жүрген тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелген.

Полицейлер жүргізген жедел жұмыстардың нәтижесінде күдіктіден қару мен 3 оқ-дәріні тәркілеп алды. Дәлел ретінде алынған қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес тапаншаның трамватикалық қару екені белгілі болды. Күдікті өз сөзінде қаруды 2021 жылы мамыр айында Алматы қаласының көшелерінен тауып алғанын айтуда.Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жетісай ауданының полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқада қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: