Жаңалықтар тізбегі
0

Байден әлем азық-түлік тапшылығына тап болғанын ескертті

байден, нан тапшылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 09:32 Сурет: pixabay
Азық-түлік тапшылығы Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресейге салынған санкциялардың құны болуы мүмкін, деп мәлімдеді АҚШ президенті Джо Байден, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол G7 және НАТО саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Азық-түліктің жетіспеушілігіне келсек, біз бұл туралы айттық. Бұл шындық. Санкциялардың құнын тек Ресей ғана емес, көптеген басқа елдер, соның ішінде Еуропа мен біздің ел де көтереді. АҚШ президенті Джо Байден

Байден Ресей мен Украина Еуропаны азық-түлікпен қамтамасыз еткенің жеткізді. Ол G7 көшбасшыларымен бидай саудасын қалай жеделдету және азық-түлікті шетелге тасымалдауға «сауда шектеулерін жою» туралы сөйлескенін айтты.

Ол сондай-ақ азық-түлікті қамтитын гуманитарлық көмек үшін АҚШ-тың «маңызды» инвестициялық моделін атап өтті. Украина мен Ресейден жеткізілім әлемдік бидай саудасының шамамен 30% құрайды.

Наурыздың 16-сы күні БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы Украинадағы оқиғалардың азық-түлік пен жанар-жағармай бағасының көтерілуіне әкеліп соғатын әлемдік экономиканы күйзелістерге әкелетінін хабарлады. Дамыған елдер әсіресе «азық-түлік, жанар-жағармай және тыңайтқыштар бағасының жылдам өсуі» аясында болып жатқан оқиғалардан қатты зардап шегеді.

24 наурызда Франция президенті Эммануэль Макрон бұрын-соңды болмаған жаһандық азық-түлік дағдарысы туралы ескертті.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш де Украинадағы жағдай жаһандық азық-түлік дағдарысын тудыруы мүмкін екенін ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: