Қырғызстанда жаңкешті лаңкес ұсталды

Арнайы операция Сурет: gknb.kg
Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері халықаралық террористік ұйымның содырын қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 наурызда діни-экстремистік және террористік құрылымдарды анықтап, олардың жолын кесу іс-шарасы барысында "Катиба Таухид валь-Джихад" халықаралық террористік ұйымының содыры ұсталды.

Ведомстводағылар атап өткендей, ол бұрын Сирияда диверсиялық дайындықтан өткен, жарылғыш зат жасап, жару ісіне машықтанған және антитеррористік коалиция күштеріне қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан.

Ұсталған содыр Сириядан аталған халықаралық террористік ұйым басшыларының тапсырмасы бойынша осы өңірдегі елдердің біріне өзін-өзі жарып жіберу түріндегі террористік акт жасау үшін жіберілген. Қырғыз Республикасы МҰҚК баспасөз қызметі

Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

  • "Катиба Таухид валь-Джихад" Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз